Сыршыл ақын - Сырбай Мәуленов

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_38_Screenshot_2.jpg

Рухани жаңғыру бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы бойынша Тобыл ауылдық кітапханасы жазушы, лирик ақын - Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында поэзиялық кеші ұйымдастырды.
Әдеби кешке «Думан» мәдениет үйі қызметкерлері және Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсейітова Маржан қатысты. Іс- шараның мақсаты, қазақ әдебиетінің классигі - Сырбай Мәуленовтің сырбаз, сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары, табиғат бояуларын өзек еткен жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу болып табылды. Кітапханашы Жаңагүл Аманжолқызы Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы тоқталып өтті. Сырбай өлеңдерін оқи отыра өлеңдерінің мәні, сыршылдығы, өміршеңдігі жайында білесің, түсінесің. Ал, жерлес ақынымыз Мамай Ізтілеу мен ұстаз Маржан Нүрсейітова өздерінің ақынға арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Сырбай Мәуленовтың «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлына арнап жазған «Ғибратты ғұлама» өлеңін Мырзагалиева Майра нақышына келтіріп оқып берді. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде Сырбай Мәуленовтың шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жаралы болып қайтса да ақын 58 кітап жазған. Соның ішінде «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін Қабылдин Айбек домбыраның сүйемелдеуімен орындады. Бұл әнде ананың баласын іздеген зары, әкесін күткен баланың сағынышы, адамзат үшін соғыстың жүрекке салған жарасы естіледі.
Қазақ поэзиясында нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелген ақындардың ортасында лирик ақын, майдангер, ұлтжанды, сыршыл - Сырбай Мәуленовтың орны ерекше.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане