Еңбек адамдарын ардақтайық!

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_38_Screenshot_7.jpg

«Еңбек күні» мерекесі жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл ресми мереке еңбек адамының беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп тартуға, жұмысшылар династиясындағы көпжылдық дәстүрді нығайтуға қызмет етпек.
Тілшілер қауымы қашанда еңбек адамдарының елеулі еңбегін ел-жұртқа жариялаудан танған емес. Осы жолы да біз олардың тынымсыз тірліктерін елге жария етуге келгенімізді білген қырманшылар бізді жақсы көңіл-күймен қарсы алды. «Достық» шаруақожалығы 2008 –ші жылы құрылған. Содан бері өз ісін өрге жүргізіп келе жатыр. Осы уақытта шаруашылықтың жұмысы бір жүйеге түскен. Ибрашев Төленді Амирұлы басшылық жасайтын «Достық» ұжымы шаруақожалығы қырманына шынымен де шаруашылық еңбеккерлерінің іскер­лігіне тәнті болдық. Төленді Амирұлы биыл егіліп, өсірген бидай, лень, сафлор, күнбағыс майлы дақылдарын ысырапсыз, әрі уақытылы жинап алуда ұжымдағы Абай, Октябрск, Валерьян ауылы, Лисаков қаласы мен Тобыл кентінен барлығы 8 адам аянбай еңбек етіп жатқанын жеткізді. Қырман жұмысшылары: Ибрашев С.А., Бычков А.Н., Шевченко Т.В., Костюк П., Ибрашев Б.,Бычков К., Пешков А. есімді жұмысшы қыз-жігіттердің еңбегіне сүйсініп, істеп жатқан игі істеріне сәттілік тілеген бізге, олар егінді төкпей-шашпай жинап алуда аянбай еңбек ететіндерін, ел қамбасына мол өнім құюға сүбелі үлес қосатынын жеткізді. Алла қаласа қазан айының басында бұл жұмыс та өз мәресіне жететінін сөз етті. «Егіншінің бір күні – жылға азық», – дегендей, егінші қауым бүгінде сонау көктемнен бастап ала жаз бойы балаша баптап-өсірген егінін ысырапсыз жинап алуда аянбай еңбек етіп, биылғы өнім мол болады деп күтуде. Науқандық жұмыстың жүзеге асырылуынан, тындырымды тірліктен рахат тапқан «Достық» шаруақожалығы ұжымының еселі еңбегіне табыс тіледік.
Ия, қазіргі күні қырманда қызу еңбек жүріп жатыр. Қырманшылар жиналған дәнді тазалап, қоймаларға кіргізу үстінде. Бітік егін – ел ырысы.
Еңбек түбі берекет. Рыздық несібе, еңбекте. Еңбек ету арқылы рухани және материалдық кемелдікке жетеміз. Еңбектің берекеті адалдық пен туралықта. Халқымыздың жасаған еңбегі берекетті болғай!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане