«Наурыз мейрамы – ұлылықтың ұйытқысы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_11_112023-9.jpg

Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алатын мереке - Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы. Ұлыстың ұлы күнін жаңа тұрпаттағы жалпыхалықтық мерекеге айналдыру – ұлттың ауызбіршілігін нығайтып, ұмытыла бастаған қазақылық қасиеттерімізді қайта тірілтуге септігін тигізеді. Ең бастысы, бұл бастама өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге.
Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Сондықтан Тобыл теміржолшыларыда Наурыз мерекесіне атсалысып отырады. Наурыз мейрамында ұлттық спорт түрлеріне қатысады. Тобыл мекемелері бірігіп ұйымдастырылған дәстүрлі тағамдар - ыстық бауырсақ, наурызкөже мен палау мейрам күні дәм-ауыз тигізіп, таратады.
-Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Жыл сайын халықтың батасын алып, біздің мекеме де қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынамыз. Дастарқанның басты асы наурызкөже. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз
көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Өз ұжымымызда да Наурыз мейрамын ерекше қарсы аламыз. Бір- бірімізге жақсы тілектер айтып, дастарқан жайып, жастар үлкендердің батасын аламыз.- дейді «ҚТЖ» -Жүк тасымалы» Қостанай локомотив пайдалану депосының Тобыл айналым депосының қызметкері Гаухар Хасимқызы Жанабаева.
Наурыз мерекесі - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халықтың қастерлейтін Ұлыстың ұлы күні дәстүріміздің насихатшысы, ұлттық мұраттарымыздың жаршысы болайық, халайық!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане