- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 16.03.2023 06:06
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 539
Отбасы –адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі. Тобыл кентіндегі Насибовтар отбасы ұлтаралық татулықтың дәнекері болып отырған отбасы. Жанұя әзербайжан мен қазақ халықтарының мерекелерін бөліп жармай бірдей атап өтеді. Екі ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүріде ұқсас келеді. Отасқандарына он жылға жуықтаған жұптың Альтаир есімді ұлдары бар. Көпке үлгілі отбасы ұлтқа бөлінбейді. Жанұяның басты қағидасы татулықты берік сақтау, адами құндылықтарды жоғалтпау. Міне, дәл осындай отбасылар мемлекетіміздің тірегі.
-Отбасымыздың ең құрмет тұтатын мерекелерінің бірі- Наурыз мейрамы. Бұл мейрамды олар асыға күтеміз. Біз салт-дәстүрлерді ұстанып, мерекелерді бірдей тойлаймыз. Жолдасым қазақ, мен әзербайжан. Біздің ұлымыз - біздің махаббатымыз, барымыз. Біз жас ата-аналар ретінде баламыздың әрбір сөзіне көңіл бөлеміз. Ер жеткен кезде міндетті түрде спортпен айналысуын қалаймыз. Халқымыздың аса мән-маңыз беретін орны - дастархан басы. Әркімнің шаңырағы үшін дастархан басы - тәрбие мектебі. Қонақ күту игілікті дәстүріміздің бірі. Түрлі мәдениеттің бір-біріне игі ықпалы имандылық пен парасаттылық, тектілік пен зиялылық арқылы адамзат өркениеті ілгері басатыны анық. Әке-шешемізге алғысымыз шексіз.
Олар бізді кішкентайымыздан татуластыққа, барлық жағдайға әдеппен қарауды, ибалы болуға баулыды. Жанұямызда әр ұлтқа сыйластықпен қарау қалыптасқан. Әр кісіге ұлт тұрғысынан емес, бірінші кезекте оған адам ретінде қарауды үйретті. Менің ойымша, ол қарым-қатынас жасаудың ең дұрыс жолы», - дейді Биннат Акифович Насибов.