- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 27.03.2023 07:38
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 246
Теміржол саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан білікті ұйымдастырушы, еселі еңбегімен ел жадында қалған арда азамат Салават Жабаевич Байнакатовты еске алу турнирі биыл бірінші рет жалауын көтерді.
Шағын футболды Тобыл станциясы депо ұжымы және ұйымдастырды. Ауқымды шарада сөз алғандар еңбек ардагері мен басшылар Салават Жабаевичтің ерен істерін ұрпаққа үлгі етті. Турнирге теміржол мекемелерінің басшылары, жұбайы Екатерина Михайловна , қызы Дина және Салават Байнакатовпен бірге жұмыс жасаған еңбек ардагерлері қатысты.
Байнакатов С.Ж. қай істе де абыройлы болған атпал азамат теміржол саласында лауазымды қызметтер атқарды. Басшылық қызметте өздерінің білімділігі және ұйымдастырушылық қабілетімен халыққа мінсіз қызмет көрсету жолында көп еңбек сіңірді. Асыл азаматтардың ел жадында сақталуына, бұқаралық спорттың дамуына, жастарға патриоттық тәрбие беруде үлес қосқан теміржол мекеме ұжымдары мен достарының әркез мерейі үстем болсын. Осы турнир алдағы жылдарда да дәстүрлі түрде өткізілмекші. Шағын футбол турнирінде алты команда сынға түсті. Тартысқа толы кездесулерде теміржолшылар командаларымен бірге депо ұжымының ардагерлер командасыда өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды депо жастары (ТД-9) жеңіп алса,
ІІ орынды желілік байланыс бөлімі (ШЧ-18) командасы, ал ІІІ орынды Тобыл станциясы (ДС) командасы иеленді. Жеңімпаз 1 орынға кубок және жүлдегер командаларға қаржылай сыйақылар табысталып, мадақтамалармен марапатталды.