- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 12.05.2023 07:15
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 682
Қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген.
Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты байқау, оны паш ету мақсатында «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7-9 жас ұл балалар арасында, Отан қорғаушылар күніне орай «Жігіт сұлтаны» атты сайысы өтті. Сайысқа өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқырандар қатысты. Төрт бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін жас өрендер бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.
Байқаудың кезеңдері бойынша: «Таныстырсам тегімді», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес», «Мергендік»- асық ату, «Қазақ батырларын сомдау»
Қатысушылар өте белсенді қатысып, өздерін жан-жақты көрсете алды. Әрқайсысы өзін батыр сезініп, бастарына дулыға киіп, қолдарына семсер қылышпен, кеуделеріне сауыт киген нағыз батыр бола білді. Бірінен бірі өтер керемет батырлардың көрінісін бағалау әділқазыларға оңай соқпады. Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді ерекше көрсеткен және жанкүйерлері де өте көп үлес косқан №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 1 - сынып оқушысы Ақжол Әлімұлы «Жігіт сұлтаны» атағына иеленді. Барлық қатысушылар номинациялар бойынша «Дарынды жігіт» - Ерасыл Мақсұтхан, «Сегіз қырлы, бір сырлы» - Әділ Әнкей, «Өнерпаз жігіт» - Саян Мәлік, «Парасатты жігіт»- Мансұр Какимов, «Алғыр жігіт» - Санжар Абдибеков мадақтамалармен марапатталып, сыйлықтар табыстады.
Болашаққа сеніммен қадам басқан, халқымыздың салт-дәстүрі, жөн-жоралғыларын жастардың бойына сіңіру, намысты ұлдарды тәрбиелеу, батырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу мәдениет ошақтарының басты мақсаты болып табылады.