- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 27.07.2023 07:34
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 640
Ел тыныштығы мен егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен саяси міндет.
Осы міндетті басшылыққа ала отырып, еліміздегі шекарашылар мемлекетіміздің тыныштығы мен тұтастығының жолында аянбай еңбек етіп келеді. Біздің аудан Ресей шекарасымен шектесіп жатқандығы белгілі. Шекарамызды көздің қарашығындай қорғап, қырағылық танытып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Тобыл әскери бөлімі шекарашыларының біз үшін абыройы әр уақытта асқақ. Қуатты әскер, қарулы техника әр мемлекет үшін маңызды. Қасиетті қазақ шекарасы бүгінде асқан қырағылықпен күзетіліп келеді. Осы орайда шегенделген шекараны күзетуде үздіктердің үздігі жұмылдырылған. Әрбір шекара қорғау бөлімшелері өзіндік жұмыс барысымен ерекшеленуде. Тобыл теміржол шекара бекеті бүгінде өз жұмысын нәтижелі атқарып келеді. Оларға дәлел шекара шебінен күніне мыңдаған жолаушылармен толассыз өтуі. Шекарашылар күніне көптеген түрлі оқиғалармен тап келіп жатады. Тобыл теміржол шекара бекеті биыл шекарашылар қатары жаңадан келген жас әскерилермен толықты. Бұрыннан қызмет еткен шекарашылар жастарға өз ісіне тиянақты жауапты болуын үйретіп отырады. Үлгілі жас шекарашылар қатардағы жауынгерлер Ильясов Медет Маратұлы, ол (кинолог) ит жаттықтырушы ретінде тәжірибесін шыңдап, жүлделі орын алып жүр. Сол сиякты өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқарып жүрген жастар Сапабеков Нұржан Жиеангалиұлы, Кубарев Игорь Владимирович, Тойбазаров Ақсұлтан Даулетжанұлы атап өтуге болады. Шекарашылар Тобыл кентіндегі, аудандық, облыстық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделерге ие болып жүр. Шекара қызметі жоғары сынып оқушылары үшін шекара шебінде экскурсия ұйымдастырып, осы арқылы жас өрен бір мезгіл шекара күзетудің қандай қиын екенін сезініп, сарбаз рухын сезінеді. Мұндай кездесулер кезінде күндіз-түні кірпік қақпай, өз қызметін абыроймен атқарған, ел шебін күзететін шекарашылардың жауынгерлік жетістіктерін насихатталады.
Мемлекеттің назарының арқасында шекарашы мамандығының беделі артып келеді. Бүгінгі шекарашы - өз Отанының патриоты, терең білімі мен жоғары адами қасиеттеріне ие. Қазақстан еліне ашық аспан, жерімізге тыныштық, шекарамыздың берік болуын тілейміз.