Құжаттарыңызды тапсыратын болсаңыз...

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_2_2-2019-125.jpgЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен он жылдай іске асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға» әлеуметтік бағдарламасы жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алуларына мүмкіндік беруде. Жыл сайын жас мамандар баспана іздеуге кіріседі.


Жас мамандар ауылдық жерлерге жұмысқа орналасудан бас тартпайтындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Әрине, өңірімізде кадрлық тапшылық жоқ деуге болмас. Десек те, мысалы, былтыр тиісті құжаттарды тапсырған мамандардың онына көтерме жәрдемақы, он төртіне несие берілген көрінеді. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы аталмыш бағдарламаға небір өзгерістер енгізілді. Толық ақпаратты бөлім мамандары ағымдағы айдың соңына дейін газетіміздің бетінде жариялайтын болады. Сондықтан, құжаттарыңызды тапсыратын болсаңыз, небір өзгерістерден бейхабар болып қалмаңыздар.Алайда, құжаттарды тапсыру рәсімінің мамыр айында басталатынын қадап айтты. Өткен жылы қаржыландыру шектеулі болғандықтан, баспанаға қолы жетпеген мамандарға осы жолы қайтадан құжат тапсыру процедурасынан өтуге тура келеді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане