Жұмыс жоспары бекітілді

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап латын графикасы бойынша оқытушы - тренерлерді дайындау жұмысы басталады.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы қаңтар айынан бастап латын графикасы бойынша тренерлерді дайындауды жоспарлап отыр. Осыған орай, аудандық тілдерді оқыту орталығының бірқатар қызметкерлері арнайы тәжірибе сабақтарына қатысады деп жоспарланған. Оқытушы – тренерлер курсты аяқтағаннан кейін ғана ауыл тұрғындрын оқытуды бастайды.
2019 жылы аудан көлемінде жоспар бойынша 21 іс – шара өткізу көзделіп отыр. Және Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай, Республикалық жазба ақындардың жыр мүшайрасын біздің ауданымызда өткізгелі отыр,- дейді «Тілдерді оқыту орталығы» басшысы Айдана Асылханқызы.
Өткен жылғы ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы оқыту оралығында 252 тыңдаушы тіл курстарын оқыды. Соның ішінде мемлекеттік тілде 201 тыңдаушы болса, ағылшын тілі курстарында 51 тыңдаушы. Жыл соңында емтихан қорытындысы бойынша 44 тыңдаушыға тіл курстарын толық аяқтағаны жөнінде сертификат табысталды. ҚАЗТЕСТ тестілеу жүйесін жақсы нәтижемен қорытындыладық. Тестілеуге барлығы 556 адам қатысты. Мемлекеттік қызметшілер саны -116 болса, бюджеттік ұйым қызметкерлер саны – 446 құрайды.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане