Үздік дзюдошылар анықталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_5_5-2019-653_2.jpgТобыл кентінде дзюдодан ашық облыстық біріншілік өткізілді.


Өткен аптаның сенбі күнінде Қазақстан дзюдошылары Тобыл кентінде жиналды. Бұл біріншілікті өткізу спортшылар үшін жылсайынғы әдетке айналды. Биыл дзюдо жарысына Қазақстанның үш жүзге жуық спортшысы қатысты.
- Бұл жарыс осымен үшінші рет өткізілуде. Жыл санап қатысушылар саны артып барады. Спортшылардың дайындықтары да жаман емес. Біздің дзюдошылар жаттықтырушыларының еңбектерін ақтады, - дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Марс Шунгурбаев.
Дзюдошы жігіттер мен қыздар жиырма екі түрлі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Бір күнге созылған жарыс қорытындылары бойынша жеңіс тұғырына көтерілгендер саны көп-ақ. Атап айтқанда, біздің ауданнан: 20 келі салмақ дәрежесінде 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында Арлан Жұмаділ, Атанияз Хозедиясов, Айдын Балғабыл жүлдегер атанды. 35 келі салмақ дәрежесінде Ренат Септа 2- орын иегері атанды. Исламбек Маженов 38 келі салмақта күрескендердің арасында жеңімпаз атанды. 40 және одан артық салмақ дәрежесінде: Максим Очешлюк, Алинур Алпамыс,Максим Семагин, Азамат Жұмабаев, Нұрайым Ергалиева, Аружан Алпамыс Қарасай Маженов, Эвелина Баева, Жанель Сулейменова жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтірілді.
Аталмыш спорттық додада аудан спортшылары өңіріміздің атын тағы бір асқақтатты. Спорт бөлімінің басшылығының айтуынша, бұл ретте жаттықтырушылар еңбектерінің алар орны да ерекше. Үздік көрсеткіштерді күнсайынғы жүйелі жаттығу мен тәртіптің арқасы деп біледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане