Мектепте Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_8_8-2019-3.JPG1989 жылдың 15 ақпаны - Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерінің шығарылған күні. Бұл әлем тарихындағы ірі геосаяси қақтығыс болды. 9 жыл 2 ай 15 күнге созылған қантөгіс талай арда азаматтың ғұмырын қиды. Олардың есімдері Ауған ардагерлерінің жадынан ешқашан өшпек емес. Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл. Соған орай Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебінде бірнеше іс-шаралар өтті.


Аталмыш мерекеге орай өткізілген апталық 11-15 ақпан аралығында өткізілді. Мақсаты - оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Азамат Мұхамбетжановтың ұйымдастыруымен 1-4 сынып арасында «Бейбітшілік әлемін бейнелейді» тақырыбында сурет салу сайысы өтсе, 2-4 сынып арасында сынып сағаттары өтіп, деректі фильмдер көрсетілді. Ал, 5-8 сыныптармен пнематикалық мылтықпен нысанаға тигізу жарысы өтті.
15 ақпан күні апталықтың қорытындысы болып, концерт қойылды. Оған Ауған соғысының ардагерлері Петр Буравец, Есен Бимурзин, Бейбітжан Салимов, сондай-ақ Аудандық Қорғаныс Істер бөлімінің басшысы Жадигер Ныгмеджанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Даданова, Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова қатысты. Ардагерлер ержүректік туралы жүрекжарды сырларымен бөлісті. Концерт барысында апталық сайысына қатысқан жеңімпаз оқушыларға марапаттаулар, ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане