Мерейдің жеке концерті өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_8_8-2019-9.JPGӨткен аптада білікті өнерпаз, талатты ұстаз Арғынбек Бейбітханның ұйымдастыруымен өнер мектебінде жас талант Мерей Онайбекованың «Күмбірле, домбыра!» атты жеке концерті қойылды.


Айта кетерлігі, мұндай жеке концерт беру өнер мектебінің қабырғасында алғаш рет өткізіліп отыр.
Мерей - өнер мектебінің шәкірті. Ол 6 жасынан бастап домбыра үйірмесіне қатысып келеді. Оның бойындағы талпыныс пен талантты байқаған ұстаз Арғынбек Бейбітхан шәкіртінің қадамын қоштап, тәрбиелей бастайды. Жас балғынның жеке концерт беруі соның бір жемісі болса керек.
Мерей Онайбекова жиналған көпшілікке «Би күйі», «Адай», «Балдырғандар биі» сынды күйлерді орындап берді. Қазақ ұлт аспаптар ансамблінің орындауында «Әлқисса», «Бақтыбайдың әуені» күйлері ойналды. Сондай-ақ, концерт барысында өнер мектебінің оқушылары Сарбиназ Залиева, Лиза Тұманова, Шолпан Өтепова, Жігер Үсенов, Ділназ Балғабаева өнер көрсетті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане