- Подробности
-
Категория: №10 (10383) от 7 марта 2019 года
-
Создано 07.03.2019 06:51
-
Автор: Айбатыр Ниязбек
-
Просмотров: 1105
Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал, көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көпбалалы ана болу оңай емес. Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері.
Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазір көпбалалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де, оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көпбалалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар.
Набережный ауылдық округінің орталығы Елезаветинка ауылында тұратын Гүлнұр Таменова 38 жасында 6-сәбиіне жарық дүние сыйлады.
Таяуда Елбасы көпбалалы аналарды қолдау туралы үлкен шаруаны көтерді. Бұл – жас аналарға деген мемлекеттің қолдауы», – дейді Гүлнұр.
Үлкені Нұрсила Астанадағы жоғары оқу орнында 3 курста оқиды, Диана мен Алмат Набережный орта мектебінде білім алуда, Айдана аталмыш мектептің шағын орталығында тәрбиеленуде. Аян мен Нұрдәулет үйде, анасының қасында.
«Өте қуаныштымыз. Отағасы Есен екеуміз әрқайсысын бірдей жақсы көреміз. Бұл соңғысы емес. Сәтін салса, тағы бірнешеуін сүйерміз. Әйел үшін бұдан артық бақыт жоқ», – дейді көпбалалы ана.
Әр баланың өз несібесі бар деп, тағдырына тәубе айтып, өмір сүріп келеді. «Шүкір, тағдырыма ризамын, бақыттымын. Мені шын сүйетін жұбайым бар, Алла берген балалар бар. Осылардың рахатын көрсек деп жүрміз», – дейді Гүлнұр.