Ақпарат кеңістігінде – электронды каталог

Әлеуметтік ілгерілеудің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын қоғамды ақпараттандыру кітапхана саласына да жетті. Бұл түбегейлі жаңа мүмкіндіктерді ашуға ғана емес, ақпараттандыру үрдісін жоғары даму сатысына шығаруға мүмкіндік берді. Кітапхананың ақпарат кеңістігінде қорларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін каталогта Сіз газетіміздің беттерін де парақтай аласыз.

2007 жылы аудандық кітапханада электрондық каталог пен толық мәтінді дерекқордың болуына мүмкіндік беретін кітапханалық «РАБИС» автоматтандырылған бағдарламасы орнатылды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Светлана Корольдің айтуынша, кітапхананың электрондық каталогының толық мәтінді дерекқорын құрастыра отырып, аудандық «Маяк» газетінің тарихы және редакция қызметкерлері жайлы мақалалар электрондық форматқа ауыстырылды. «Электрондық каталог сұратылған тақырып бойынша дереккөздерді тез табуға, сондай-ақ мәтінді басып шығаруға немесе экраннан оқуға мүмкіндік береді. Оған қоса, Л.Толстой ат. Облыстық кітапхана сайтында қазіргі «Маяк» газетінің 1948 жылғы шығарылымынан бастап, яғни сол кезде «Сталинский призыв» деп аталған газеттің цифрланған нұсқасын көре аласыз», - дейді Светлана Николаевна. Айтпақшы, кітапхананың электрондық каталогында Сіз Таран ауданының 1970 жылдан бергі тарихы туралы мақалалармен де таныса аласыз.

Елбасымыз «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан еліміздің бәсекеге қабілетті болуы үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының қазақстандықтарды жиырма бірінші ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екендігін атап өтті. Байқағаныңыздай, «Цифрлы Қазақстан» кітапхана дамуына да жаңа серпін беруде.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане