- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 18.04.2019 06:07
-
Автор: Айбатыр Ниязбек
-
Просмотров: 1888
Өткен аптада С.Ерғалиев атындағы мектептің базасында Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен аудан әкімдігінің білім бөлімі бірігіп «Қозғалыстың жас инспекторлары» аудандық слетін өткізді. Слет ауданда 15-ші рет өткізіліп отыр. Оған ауданның 12 орта мектебі мен 4 негізгі мектебі қатысты.
Слеттің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді қамтумен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру, жол-көліктік жарақаттану мәселелерінен сақтандыру бойынша қызығушылық танытқан ведомстволарды, ұйымдар мен қоғамды жұмылдыру.
Сайысқа 16 команда қатысты. Әр командада 10 оқушыдан. Оқушылардың жас ерекшелігі 12-14 жас.
«Қозғалыстың жас инспекторлары» сайысы 7 этап бойынша өткізілді: Жол жүру ережелерінің білімпаздары, Саптық байқау, Велоспедпен мәнерлеп жүру, Жас реттеуші, Жас санитар, Эрудиттер турнирі және Үгіт бригадалардың конкурсы.
Қазылар алқасының құрамында Жергілікті полиция қызметінің, Қорғаныс істер бөлімінің, Мәденеит бөлімінің, Полияция бөлімінің, «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Өнер мектебінің, Аурухана, Білім бөлімінің өкілдері болды.
Слетқа білім бөлімі, полиция бөлімі, «Отан» РҚБ демеушілік жасады.
Сайыс қызу да, тартысты өтті. Сап түзеуді өткізу барысында жас инспекторлар өздерінің дайындығымен тәртіп сақшыларын қуантты. ҚЖИ командалары салтанатты формамен сап түзеулерін, тіптен, ересектер сияқты көрсетті, яғни сап түзеп қана қоймай, салтанатты маршпен жүре алды. Ал велосипедті мәнерлеп жүргізуден балалар қауіпсіздік ережесінің барлығын сақтады.
Жоғары деңгейде өткен бәсекелестіктің нәтижесінде, жалпы командалық есепте 1-орынға Май орта мектебінің «Дорожный патруль» командасы ие болды;
2- орын иегері С.Ерғалиев атындағы орта мектебінің «Бағдаршам» командасы;
3 - орын иегері Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің «Клаксон» командасы.
1 - орын иегері спорттық костюмдер, 2- орын иегері спорттық жаттығу құралдары, 3 -орын иегері спорттық доптарға ие болды. Барлық командалар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Облыстық «Қозғалыстың жас инспекторлары» байқауында 1 -орынға ие болған Май орта мектебінің «Дорожный патруль» командасы аудан намысын қорғайтын болады.
«Қозғалыстың жас инспекторларының» жұмысы жаңа бағыттармен байып, жыл өткен сайын дамып, ауқымды, қызықты және пайдалы бола бастады. «Қозғалыстың жас инпекторлары» деген асқақ атауы бар балалар, Отанының лайықты азаматтары болып өседі. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жолдарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегін жалғастырушы лайықты ұрпақ болатынына сеніміміз мол.