Аудан әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесі

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_20_20-2019_5.jpgАғымдағы жылдың 8 мамырында Таран ауданының әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергеновтың төрағалық етуімен Е. Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті.


Кеңеске аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, мектеп директорлары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мамандар, аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары шақырылды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «2019 жылдың 4 ай бойы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» баяндамашы аудан әкімі аппаратының басшысы – Какимжан Нұрлыбек Қайратұлы; «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау, ұйымдастыру және өткізу туралы» баяндамашы: Ольга Геннадьевна Ли-аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы; «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіндегі өзгерістер туралы» 425 бап, баяндамашы:Бауыржан Исмағұлұлы Баймухаметов - Таран ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; Галина Викторовна Филиппова - аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы; «Аудан аумағында орман - дала өрттерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» баяндамашылар: Нұрлан Жүнісбекұлы Бурибаев-ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы. Ильченко Александр Васильевич-ауданның орман шаруашылығы директоры,Қосымша баяндамашылары: Хасенов Байбол Сапаржанұлы-Евгеновка ауылының әкімі, Жортынбаев Мұрат Мәдиұлы-Павлов ауылдық округінің әкімі.
Кеңейтілген аппараттық кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане