- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 23.05.2019 06:27
-
Автор: А. Ниязбек
-
Просмотров: 2646
Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттар үгіт жұмыстарын 11 мамырда бастап кетті.
Президенттікке үміткер кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары бүгінде қызу жүргізілуде.
Сондай сайлау алды кездесу апта басында Калининский ауылдық округінде өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттың Қостанай облыстық сайлау штабының мүшесі Джаманбалин Кадыргали Коныспаевич қатысты.
Қ.Джаманбалин,З.Алдамжаров атындағы әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты.
Сондай-ақ, жиынға «Викторовский» ЖШС-нің директоры Кулик Иван Илларионович, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айнаш Даданова, аудандық мәслихаттың хатшысы Сүндетбай Сапабеков және аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме-ұжым басшылары, ауылшаруашылық саласының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Кадыргали Коныспаевич, Айнаш Молдакешовна, Иван Илларионович Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты түсіндіріп берді.