Еріктілер өзен аймағын қоқыстан тазартты

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_22_22-2019_9.JPGМамырдың 24 күні Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен мамандары және Б.Майлин атындағы ОМ «Эко патруль» экологиялық отрядының еріктілерімен бірлесіп, «Мен Отанымның патриотымын» атты жағажайды қоқыстан тазарту патриоттық акциясын өткізді.
Еріктілер Аят өзенінің аумағын және, айта кететін, лайықты ауылымыздың жеке кәсіпкері, ер азаматы- Мамедов Саттар Сұлтан оглу ауыл тұрғындары таза бұлақтан су ішіп жүргенін ескере отырып, қоқыстан тазалау үшін өзінің тобымен бірге бұлақ маңын тазартты. Саттар Сұлтан оглу осылай ауылға өз үлесін тигізіп жатқаны бірінші жыл ғана емес. Ол кісінің айтуы бойынша ауылға деген махаббат пен сүйіспеншілігі арқасында осылай талмай,ерінбей ауылдың гүлденуіне атсалып жатыр екен.
Басты мақсат - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Белсенді жастар демалысын табиғат аясында өткізумен қатар қоршаған ортаға да пайдаларын тигізді. Еріктілер адамдардан қалған тұрмыстық қалдықтарды тазалап, демалушыларға үлгі боларық іс көрсетті.
– Шараның мақсаты-білімді жақсартуға, жастардың қоршаған ортаға деген махаббатын арттыру және оларды белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ, Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыруды да көздейміз. Біз мұнда демалып қана қоймай, табиғатты қоқыстан тазартамыз. Жалпы, мұндай шаралармен бұрын да айналысып жүргенбіз. Сондықтан ұйымдастыру жағы қиындық туғызбайды. Туған жерді қорғау, қолдау керектігіне осындай тәжірибе арқылы көз жеткіземіз, - дейді Жастар орталығының басшысы Гульбарам Тюлюбаева.Айта кетейік, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды бүкіл қазақстандықтарға тапсырды. Яғни, әр азамат өзі туып-өскен аймақтың гүлденуіне, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына атсалысулары керек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане