Балалар – бұл біздің болашағымыз

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_23_23-2019_1.JPGБалалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.


1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні Таран ауданында үлкен сән-салтанатпен атап өтілді. Балаларға арналған бүгінгі мерейлі маусым үлкен қуанышпен басталды.Шара барысында, сондай-ақ, қызықты репертуарлар, театрландырылған көріністер,музыкалық композициялар орындалды.Ал, балғындар мұның барлығын біркелкі ерекше үйлесімде орындап шықты. Мұның бәрі балалар мерекесінде есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналғаны анық. Түрлі аспаптармен орындалған ән мен күйдің қосындысы тамаша үйлесім тауып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Ал, шарада балалармен қатар арнайы оқу орындарының шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды. Ауылымыздың балаларының жүздерінде қуаныш күні бойына созылғаны сөзсіз, себебі, балалар бұл күні тегін балмұздақтарға ие болды. Мерекелік бағдарлама аяқталғаннан кейін, бүлдіршіндеріміз ата-аналарымен мәдениет үйіне қарай аттанды. Мұның бірден бір себебі, мәдениет үйінің қызметкерлері балаларға арнап «Ертегі әлеміне» саяхат жасап қайтты. Балаларды кешке де мерекелік бағдарлама күтіп тұрды. Ауыл өнерпаздары балаларды құттықтап, әдемі әсер қалдыра білді. Мерекелік кеш шағын би алаңымен аяқталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане