Есімі елге мәлім әйел

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_25_25-2019-6.jpgБір уақыттарда бұл әйелдің аты барлық елге шықты –Социалистік Еңбек Ері атағын аталған, Еңбек Қызыл Ту және екі Ленин ордендерінің иегері, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президумы төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, партияның ХХIV съезінің делегаты Вера Васильевна Сидорова, расында да, құрметті адам болды.
Партия обкомның мүшесі, республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Әйелдер Кеңесі комитетінің мүшесі, Қазақстан компартиясының ХІІІ, ХІV; ХV съездерінің делегаты болып бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, 3 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
1934 жылы 15 тамыз айында Воронеж облысы Чигольский ауданының Жоғарғы Тишанка ауылында дуниеге келген. Вера Васильевнаны әжесі Макарова Анастасия Федоровна тәрбиелеген. 1941 жылы жергілікті ауылдық мектепке барды. Бірақ сол мейірімсіз кез оқу мен балалық әсем арманды тоқтатты – себебі Ұлы Отан соғысы басталды. Тек қана 1943 жылы Сталинградтың маңында 1 -сыныпта оқуын жалғастырды. Сөйтіп, 1953 жылы мектепті бітіріп, Қазан ауылшаруашылық институтына түсіп, 1958 жылы бітірді.
1958 жылы ол, Қазан қаласындағы ауылшаруашылық институтты бітіріп, комсомол жолдамасымен тыңға келді.
Қостанайда Облыстық ауылшаруашылық басқармада Вера Васильевнаға «Жұмысқа қайда барасың?» деп сұрақ қойды. «Мен картада орман мен өзендер болған орынды көрсеттім, бұл Боровской ауданы болған екен». Бірақ ауданға мамандар керек емес болған, оны Көкшетау маңындағы, Қарасу ауданына жолдама берді деп Вера Васильевна еске алады. Сол жерде орман болмаған екен, орнына ми батпақ пен екі көл болған.
Вера Сидорова (сол кезде оның фамилиясы Лазукина болған) Қостанай облысының Джамбул кеңшарының бірінші бөлімшесінде агроном болған.
Вера Васильевна кеңшарда агроном-экономист болды. Кейін Вера Лазукина Таран аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істей бастады. Ол жұмысқа жауапкершілікпен қарай білетін адам болған. Сондықтан Вера Васильевна жұмыста жоғары көтеріле бастады. Екінші, кейін Қостанай облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Осы жауапкершілігінің арқасында Таран аудандық, кейін Қостанай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Жылдар өткен сайын Вера Васильевна ауданында ғана емес, аймақа да танымал болып, атағы және абыройы арта түсті. «Бір күні, -– Дінмұхаммед Ахмедұлы Конаев мені шақырып, «Орал қаласына Облыстық комитеттің екінші хатшысы болып барасың»-деді деп, Вера Васильевна есіне алды. «Мен сізден өтінем, мені аяңызшы. Біріншіден, маған жақын болған Қостанай облысынан кету қиын, екіншіден, облыс комитетінің хатшысы болу өте қиын. «Мен жұмысты сіз ойлағандай атқара алмаспын» деп өз ойын білдіреді. Бірақ ол «Сен менің қызым сияқтысың, өз міндетіңді орындайсың» деп сенімін білдірді. Бұл
Вера Васильевна үшін тұрақты жұмыс екенін - оның парызы екенін түсінді. Қорқынышпен бастаған жұмысын ол бар ар –ожданымен орындады. Арада көп уақыт өтпей, Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Президиумы Төрағасының орынбасары қызметіне сайланды. Ол уақытта өздеріңіз білетіндей, партия топтарында әйелдер сонша көп емес еді. Соған қарамастан ерлер Вера Васильевна еңбегін сеніммен бағалап отырды.
Нан үшін күні түні аянбай ауыр жұмыс жүргізді. Бұның бәрі жемісті болды. Бұл әйелді Қазақстанның барлық дерлік бұрынғы партия қызметкерлері біледі. Ол шетелде Америка, Жапонияға Кеңестік әйелдер комитеті басшысының өкілі ретінде барды, оның меңгерушісі атақты Валентина Терешкова болатын.
Жалпы, Вера Сидорованың өмірінде белгілі халық және Одақ, мемлекет басшыларымен көптеген кездесулер болды, оның ішінде - Горбачев, Қонаев ... т.б.
Вера Сидорова Жоғарғы Кеңес мүшелігінен Кеңес Одағы ыдырау қарсаңында ғана 1990 жылы шықты. Бірақ сол жылдарға қарамастан, әлі Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі, Әйелдер ұлттық кеңесінің мүшесі болып белсенді жұмыс істейді. Вера Сидорова - Социалистік Еңбек Ері, зейнеткер, Кәсіподақ қайраткері.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане