«ӘНІМ САҒАН - НҰР-СҰЛТАН»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_28_28-2019-9.jpgНұр-Сұлтан ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды.


Нұр-Сұлтан қаласының туылған күніне орай 5-ші шілде күні аудандық Е.Өмірзақов мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергенов аудан тұрғындарын Елордамыздың туылған күнімен құттықтап, марапаттау рәсімін бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Маяк» газетінің бас редакторы Айбатыр Ахметбеков пен «Маяк» газетінің жауапты хатшысы Александр Корякин марапатталды. «Жомарт жүрек» сыйлығымен Бейімбет Майлин ауданының меценаттары марапатқа ие болды. Нақтылай кететін болсақ, Владимир Степанович Бушкин «Майлин» ЖШС директоры, Иван Илларионович Кулик «Викторовское» ЖШС директоры, Александр Сергеевич Пирог «Сұлу» ЖШС директоры. Бұл жомарт жүректі жандар білім жағынан да, ауданымыздың дамуына үлес қосып жатқан серіктестіктері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған болатын. Және де аудан әкімінің грамоталарымен ауданның мемлекеттік қызметшілері марапатталды.
Іс-шараның жалғасын аудандық өнерпаздарымыз өздерінің ән-билерімен тұрғындарымызға әдемі көңіл-күй сыйлай білді. Жиылған қауым елорданың туған күніне арналған мәдени шараға зейін аударды. Әуелеген ән, күмбірлеген күй қалың қауымды ұйытып тастады


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане