Бейімбет Майлинге тағзым

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_28_28-2019-6.jpg4-ші шілде күні Бейімбет Майлин ауданының жеріне атамыздың ұрпақтары келіп мен бір топ ақындар келді.


Ауданымызға әр облыстың түпкір-түпкірінен ат терлетіп ақындарымыз да келді.Бейімбет атамыздың немересі Дәметер Сейтжанова,шөберелері Салтанат Мұстафина,Қайрат Шагировта біздің ауданға ат басын бұрды.Аудан әкімінің орынбасары Назгүл Асқарқызы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Светлана Темірқанқызы қонақтарымызды қарсы алып, мәдениет үйінің өнерпаздары қонақтарымыздың келген қадамдарына шашу шашып,домбыраны күмбірлетіп ән салды. Құрметті қонақтарымызды Назгүл Асқарқызының бастауымен Б.Майлин атындағы орта мектебіне алып барып, жас бүлдіршіндеріміз Бейімбет аталарының өлең шумақтарын жатқа айтып,қонақтарымыз көздеріне жас алды. Одан әрі Бейімбет Майлин атамыз дүниеге келген Жалшы аулына қонақтарымызбен бірге жол тарттық. Жалшы аулының мешітінде құран бағыштап, Бейімбет туған топырақтың иісіне немересі Дәметер апаймыз мауқымын басқандай болды. Қонақтарымызды ауданымыздың тарихи мұражайына алып барып, мұражай тарихымен таныстырды. Атамызға арналған мұражай төріндегі бұрышпен таныс болып, атамыздан қалған ескерткіштер көрсетілді. Әрі қарай Серікбай Оспанов атамыз бастаған, қонақтарымыз бен аудан ардагерлері қоштаған топ Бейімбет Майлин атамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізді. Серікбай атамыз өзінің жүрекжарды тілегін айтып, аудан басшыларына деген алғысын білдірді. Аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Айнаш Молдакишқызы сөз сөйлеп, қонақтарымызға жылы ілтипатын көрсетті. Іс-шара соңында қонақтарымызды ауданымыздың ақ дастарқанына шақырып, қадірлі қонақ етіп, қонақжайлығымызды көрсетіп, шығарып салдық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане