Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Спартакиада

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_29_29-2019_10.jpg12 шілде күні балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қабырғасында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті.


Бұл спартакиада Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Павел Абрамовпен ұйымдастырылып өткізілді. Спартакиада мақсаты-халықтың барлық топтарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау болып табылады.
- Біздің мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қамқорлық ерекше. Олардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы екенін сезінуіне жағдай жасау мақсатында қолдан келгеннің бәрі жасалынуда. Осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Бұл ешуақытта ұмыт қалмайтын нәрсе. Бүгін сіздер мен біздер соның куәсі болып отырмыз. Біз сіздердің рухани қуаттарыңыз бен денсаулықтарыңыздың бір сәтке де әлсіремеуіне, мүмкіндігінше, жағдай жасайтын боламыз. Сіздердің жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге қашанда тілектеспіз, – деді өз сөзінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Марс Айдарханұлы Шунгурбаев.
Спартакиадада мүмкіндігі шектеулі жандар шахматтан, дойбыдан, үстел теннисінен, нысанаға дәл тигізуден, дартстан жарысып, өздерінің ой-өрістерінің, спортқа деген икемдерінің өзгелерден кем еместігін көрсетті. Спартакиадалық жарыс тартысты өтті. Оған қатысқан азаматтардың бәрі өздерінің күш - қуаттары мен ептіліктерін, шеберліктерін, біліктіліктерін сарқа жұмсады. Нәтижесінде, мықтылары топ жарып шықты. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Өткізіліп отырған спартакиада шын мәнінде елдің де, оған қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандардың да көңілінен шықты. Бұл бағытта қатысушылардың жарысқа ұйытқы болған қамқор азаматтарға деген ризашылықтары шексіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане