ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «ТЫҢ-ЦЕЛИНА-2019» АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_30_30-2019-12.jpg2019 жылдың 20 шілдесінде Асенкритовка ауылында жыл сайынғы аудандық «Тың-Целина-2019» спартакиадасы өтті.
Бейімбет Майлин ауданындағы үлкен спорт мерекесі жастық пен спорт мерекесінің 31-ші аудандық «Тың- Целина 2019» спартакиадасы биылғы жастар жылына орай «ЕЛ ЕРТЕҢІ – БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА» ұранымен танымал.


Спартакиаданы алғаш болып, сайыстың бас төрешісі Шұңғырбаев Марс басқаратын төрешілер корпусы бастады.
Ашылу салтанатында Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергенов, Асенкритов ауылының тумасы, Қарасу ауданының әкімі Виктор Николаевич Ионенко сөз сөйледі. Асенкритовка аулының тумасы ретінде, өзінің білім алған жеріне, топырағында аунаған ауыл мектебіне Виктор Николаевич ауыл әкіміне теледидар табыстады. «Майлин» ЖШС-нің директоры Владимир Степанович Бушкин ауданның «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі Вера Васильевна Сидорова құттықтау сөздерін айтып, өзінің ауданамызда өткізген жылдарын есіне алды.
Аудан меценаттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Жомарт жүрек» атағына Светлана Ивановна Михайленко мен Сергей Романович Ким ие болды.
Алаңға Тың 2019 аудандық жазғы 31-ші спартакиадасының алауын жеңіл атлетика бойынша спорт шеберіне кандидат, аудан құрамасының мүшесі, жеңіл атлетика және президенттік көпсайыс бойынша облыстық және республикалық жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері, Қостанай облысының «Тың-Целина – 2018» спартакиадасының жүлдегері, Асенкритов ауылдық округінің тұрғыны Влада Степаненко алып шықты.
Спартакиаданы бастау үшін сайыстың кестесімен таныстырып өткеннен кейін, жарыс басталып кетті. Аудан спортшыларының бұл спартакиадасы — алдағы өтетін облыстық спартакиадаға әзірлік іспетті.
«Ауданымызда талантты спортшылар жоқ емес, баршылық. Ауданда спортты дамытуға өңір басшылығы тарапынан бірқатар жағдайлар туғызылды. Дайындық жұмыстары аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында жүргізіледі. Спортшылар үшін бұл тиімді. Алдын ала болжам жасамай-ақ қояйық. Аудан спортшылары облыстық биылғы спартакиадада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, ілгерлейді деп сенемін.Ең бастысы дайындық жақсы болса, тер көп төгілсе – жақсы межені еншілеуге болады»,- дейді аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі ММ басшысы Марс Айдарханұлы Шұңғырбаев.
Спартакиаданы қорытындылай келе, жалпы командалар арасында 3-ші орынды Май ауылдық округі, 2-ші орынды Набережный ауылдық округі иемденсе, жүлделі 1-ші орынды Әйет ауылдық округі қанжығаларына байлады. Аудандық аламанда алдыңғы қатардан көрінген спортшылар мен командалар алда болатын облыстық спартакиадаға жолдама алды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане