Аудан әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_31_31-2019_8.jpgӨткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Сессияның жұмысына аудан әкімі Қ.Испергенов, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтер әкімдері, аудандағы бөлім басшылары, мекеме-ұйым мүшелері қатысты.
Сессияда аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы мәслихат депутаттарының алдында есеп беріп, жыл басынан бергі ауданымызда атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі ауданымыздың экономикалық дамуы және құрылыс саласының көз қуантар іргелі істеріне тоқталып, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, білім саласындағы атқарылған жұмыстарды айтып берді және алдағы жоспарлармен де бөлісті. Ауыл- аймақтағы өндіріс , ауызсумен қамту, автомобиль жолдары, аудан орталығындағы көшелерді асфальттау туралы да кеңінен түсіндіріп, депутаттардың сауалдарына нақты жауаптар берді. Депутаттар аудан әкімінің есебін мақұлдап, жұмысына жетістік тіледі.
Сонымен қатар, депутаттар алдында Тобыл кентінің әкімі Б.Каукин, Новоильинов ауылдық округінің әкімі М.Таймасов, «Қостанай-адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің басшысы А.Альжанова, аудандық әкімшілік полициясы бөлімшесінің басшысы С.Олгаренко, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Казкеева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Калимова сессияның күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша есеп берді.
Сессия қорытындысында аудан әкімі Қ. Испергенов мәслихат депутаттарына алғысын айтып, аудан дамуына бірлесе үлес қосатындығын жеткізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане