Полиция қызметкерінің бір күні қалай өтеді?

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_5_5-2020_3.jpgҚұқық қорғау қызметкерлерінің біз үшін әрқилы қызметінің тағы бір қырымен танысуды жоспарлаған едік. Соның сәті жақында түсті. Аудандық полиция бөлімінің жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады екен.


Елдің амандығы, халықтың тыныштығы үшін күні-түні аянбай қызмет ететін осы сала қызметкерінің бір күні қалай өтетінін білесіз бе? Қарапайым адамға жай нәрсе болып көрінуі мүмкін, алайда, бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет болғандықтан, полцияның бір күндік жұмысы оңай емес екеніне көзіңіз жетеді.
Полицейлер жұмысқа келген бойда саптық жиынға қатысады. Кешегі түнде орын алған жайттар мен алдағы жұмыстары талқыланады. Бұдан соң шенділер байланыс құралдарын алып, көліктеріне отырып қызметке кіріседі. Әр полицейдің өз міндеттері бар.
«Қызметкер жұмыс барысында қойылған талаптарды уақытында орындауға міндетті. Өйткені, бұл-адам өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беретін қызмет саласы. Қызметкер барлығына жауапты. Сондықтан, адам өмірінің қауіпсіздігі біздің де қолымызда десек болады,»- дейді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары жол бойында кетіп бара жатқан көліктерді бақылауына алуды ұмытпайды. Әсіресе, терезесі күңгірттелген көліктер көрсе, бірден тоқтатады.
«Заң – бәріне ортақ. Сол себептен оған ханның да баласы бағынуы тиіс. Ереже бұзған жүргізушілерді көрсек, бірден тоқтатып, бұзған ережесін айтып, заң бұзушылығына қарай айыппұл саламыз. Егер «көкелерін» ортаға салып, оңай құтылғысы келетіндер болса, оған жол беретін тәртіп сақшысының өзі жазаланады», -дейді полицейлер.
Аудан полицейлері міндетті жедел-алдын алу іс-шарасы өтетін уақытта міндетті түрде жүргізуші мырзалардың құжаттарын, көлікте болу керек заттарын міндетті түрде тексеріп, барлығы дұрыс екеніне көз жеткізеді. Әрине, барлық полиция қызметкерлері, алдымен, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу туралы бұйрықпен жүргізушілерді таныстыруға міндетті. Біздің ауданымызда да бұл іс-шара өткізілді. Аудан тұрғынын жолдың шетіне тоқтатып, құжаттарын тексеріп шықты. Барлығы дұрыс, құжаттары белгіленген уақыт мерзімінен асып кетпегендіктен, жүргізушіні себепсіз ұзақ уақыт ұстамай, жіберді.
Сырттай қарағанда форма киіп жүретін қызмет болып көрінгенімен, жоғарыда айтып өткеніміздей бұл қызмет жауапкершілігі үлкен жұмыс. Ең басты міндет – адам өмірі, ел қауіпсіздігі. Ел үшін аянбай қызмет етуде полицейлердің еңбегі ерен. Мереке қарсаңында, барша отандық полицейлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым жұмыста табысты болыңыздар!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане