- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 05.03.2020 06:18
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 843
2020 жылдың 29 ақпан мен 1 наурыз күндері Тобыл кентінің спорт ғимаратында 2005 - 2007 және 2008-2009 жылғы туған жігіттер мен қыздардың арасында дзюдодан облыстық турнир өтті.
Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында және 1 наурыз – Алғыс айту күніне ұйымдастырылған жарысқа Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан 12 команда қатысып, күш сынасты. Жігіттер мен қыздардың арасында дзюдо күресінен облыстық турниріне қатысушыларды Б.Майлин ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Калимова Жанна Жұмабайқызы мен Тобыл әкімі Каукин Баймағанбет Бләнұлы құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған спорт мерекесінің ашылу салтанатына «Думан» Мәдениет үйі мен Тобыл орта мектебі өз үлестерін қосты. Жарыс жеңімпаздарына грамоталар мен медальдар тапсырды.
Бұл спорт фестивалі жастар арасында дзюдо күресін жігіттер мен қыздардың арасында кеңінен танымал етіп, олардың спорт шеберлігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, достықты нығайтуға үлгі болды.