«Ардагерлерімізді ардақтайық»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_10_10-2020_8.jpg«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауданымыздағы ақ жаулықты әжелерді мерекелерімен құттықтап қайтқан болатын.


Красносельск ауылының депутаты, фракция мүшесі Аятжан Тугельбаев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова әжелеріміздің шаңырақтарына арнайы ат басын бұрып, ізгі тілектерін жаудырды. Жанна Калимованың айтуынша, бұл іс-шара - «Ардагерлерімізді ардақтайық» партия бағдарламасының аясында өткізіліп отыр. Қазіргі таңда Красносельск ауылында тұратын, екі ғасырдың куәсі болған Мұнай Байзақова әжеміз басынан талай қиын күндер өтсе де, өмірден мойымаған. Тылда еңбек етіп, талай бейнетті бастан өткізген әжейдің бүгінгі бейбіт күнге алғысы шексіз.
Ауданымызда тұратын Әмина Баймағамбетова әжеміз де бүгінде 92-ге келсе де тың. «Бұл дәуір – жұмысбастылардың заманы» деген кейуана асүйдегі іске де, үй жұмыстарына да әлі икемді.
90-ның сермеуін сермеп жүрген әжелеріміз әлі де жұмыстан қашар емес. Десе де, қазіргі таңда немере сүйіп отырған әжелеріміз оларды бағып қана қоймай, өздерінің бастарынан өткен дүниелерін айтып, немерелерін тәрбиелеп отыр. Аяулы аналар-небір тар жол, тайғақ кешулерге тайсалмай төтеп берген сүйегі асыл жандар. Олар елінің ертеңі үшін аянбай күресе білді. Еңбектен қол үзбей жүріп, ұрпақ тәрбиелеуді де ұмыт қалдырмады. Қайсар рух пен жалынды жігердің жарқын үлгісін көрсетті. Соның нәтижесінде асыл әжелеріміз Қазақстанның Тәуелсіз ел атанғанына куә болды.
Әйел бақытты болмай, әлем бақытты болмайды. Көгілдір көктеммен бірге ілесе келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орайластырылған іс-шаралар мұнымен толастамақ емес.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане