- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 09.04.2020 06:12
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 916
Аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымы республикалық «Біз біргеміз» акциясына қолдау көрсетті.
«Біздің басты мақсатымыз – елімізде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты, қысылтаяң шақта көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайына қолдау көрсету. Себебі, қай кезде болмасын қайырымдылық танытып, көмек қолын созу аса маңызды. Осы акция аясында коронавирус пандемиясымен күресу және алдын алу үшін антисептикалық құралдарды, медициналық маскаларды және бірінші қажеттілік өнімдерін қажет ететін 55 отбасы қамтылды. Акция төтенше жағдай толық аяқталғанға дейін жалғасады. Біз сіздерді өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға бей-жай қарамауға шақырамыз. Біздің күшіміз-бірлікте!»,- деп атап өтті аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымының басшысы Ырсалды Жармухамбетова. Қолдау көрсеткен ұйымдардың ішіне аудандық мектептер, балабақшалар, спорт бөлімдері кіретінін де кәсіподақ басшысы айта кетті.
Қорытындылай келе, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: Біз үлкен мақсат жолында жұдырықтай жұмылсақ қана ұлы күшке айналамыз. Сондықтан сын сағатта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез туды. Біз біргеміз!».