«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_17_17-2020_10.jpgЕлімізде жүріп жатқан «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясындағы азық-түлік пакеттері әлі де көпбалалы отбасыларға беріліп жатыр.
Аудан мәслихатының хатшысы Сүндетбай Сапабеков пен аудан депутаты Никита Транда Тобыл кентіндегі көпбалалы отбасыға өз көмектерін көрсетті. Азық-түлік пакетімен қатар дизинфекциялақ жабдықтар берілді.
- Осы үлкен шараны жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі қиын жағдайда біздің қарт аналар мен аталарымызға көмек қолын беру керекпіз.Олар ескерусіз қалмау керек. Мұндай сәтте тұрмыстық-тауарларды сатып алуға шамалары жетпейтін отбасылар көптеп кездеседі. Ал, біз осындай жанұяларға залалсыздандыру құралдарын, сабындарды тегін жеткізіп береміз. Акцияны қолдай отыра, барша азаматтарды осы жобаны қолдауға шақырамын,-дейді аудан мәслихатының хатшысы Сүндетбай Сапабеков.
Айта кетейік, көмекті, ең алдымен, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасылар алып жатыр.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане