Қадір түнінің қадірі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_20_20-2020_7.jpgӨздеріңіз көз жеткізіп отырғандай, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ.


«Әрбір облыстағы карантин жағдайының деңгейі әртүрлі. Біз Бас санитар дәрігердің карантин режимінің кезең талаптарын сақтау жайлы Қаулысын ұстанамыз. Сонымен қатар, өңірлердің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың Қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеуді өз күшінде қалдырып отырмыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара. Ал, жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. Бұл – карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет деген сөз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас санитарлық дәрігердің карантиндік режимнің кезеңдік талаптарын сақтау бойынша Қаулысын негізге алып және қазіргі жағдайды ескере келе, жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеуді өз күшінде қалдырды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес осындай шешім қабылданды. Құрметті қауым! Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткіздік. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға жамағат толық мүмкіндік алды»,- дейді бас имам Аязбек Нұраханов.
Жаратқан Жаббар Иеміз жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жүздесуді нәсіп еткей. Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Алла Тағала қабыл етсін деген тілектеміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане