Флагштоктың салтанатты ашылуы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_23_23-2020_7.JPGМемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін нышан. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленеді.


Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк Туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі, біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, Туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында салтанатты Ту көтеру рәсімі өткен болатын. Бұл маңызды шарада аудандық мекемелердің басшыларының қатысуымен, сонымен қатар, мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік бағдарламасымен өткен болатын. Енді еліміздің мемлекеттік Туы ауданымыздың орталық алаңында, көк аспанымызда әрқашан желбіреп тұратын болады. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасоваға берілді.
«Бүгін барлығымыз үшін өте маңызды, ешқашан ұмытылмайтын күн. Бүгін біз барлық елмен бірге мемлекеттік мерекелердің бірі мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудеміз. Нағыз елінің патриоты үшін Елтаңба, Ту, Әнұран жай ғана символ емес, нағыз Отанының мақтанышы болып табылады. Осынау маңызды күні, ауданымызда «Менің Туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында ауданымызда Егемендік пен бірегейлікті бейнелейтін, еліміздің біртұтас халқын біріктіретін флагштоктың салтанатты ашылу рәсімі өтіп отыр. Барлықтарыңызды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!»-, деп аудан әкімінің орынбасары жылы лебізін білдірді.
Әнұран - айбыным, Туым- теңдігім, Елтаңбам- елдігім! Көгілдір түсті Туымыз бен Елтаңбамыз бүгінде Қазақстан Республикасы аталатын тәуелсіз Мемлекет бейнесін әлемге паш етті. Қазақстандықтарға партиоттық рух беретін-Мемлекеттік рәміздер күні осылай ерекше аталып өтті.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане