Пандустар орнатылуы - бұл міндетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_24_24-2020_11.jpg"Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Людмила Мальчевская, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Жанна Калимова, ауданның мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Павел Абрамовпен бірлесіп, Тобыл кентінде халықтың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізді.


Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы дәл осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқор болуға бағытталған. Төрт бағыт бойынша жүзеге асырылатын жобаның мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» құру шарасын тиімді жүзеге асыру бүгінде күн тәртібінде тұр. Нәтижесінде, 25 объект қамтылып, мүгедек адамдар үшін кедергісіз, қолжетімді орта құру бойынша жадынамалар таратылды Заңға бағынбаған мекелемелер мен кәсіпкерлер үшін Заң тұрғысында шаралар қолданылатынын да ескере кеткен жөн. Лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік құрылымдардың басшыларына) қатысты айыппұл сомасы 50 АЕК немесе, 138,9 мың теңгені құрайды, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК немесе, 333,4 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК немесе, 555,6 мың теңге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 400 АЕК немесе, 1111,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынатын болады.
Өкініштісі сол, Тобыл кентінде көптеген дүкендер мен мекемелерде пандустар жасалынбаған, тіпті, қоңырау белгісі де қойылмаған. «Біздің кентімізде арбамен жүретін мүгедектер жоқ, сондықтан ретсіз шығындалу қажет емес» деп дөп басып айтып жатты, кәсіпкерлер. Мәселе шығында емес, бірінші кезекте адамгершілікте болуы қажет. Кейбір дүкендер «тисе терекке,тимесе бұтаққа» дегендей, балаларға арналған мұз айдыны секілді орнатып қойған. Көңіл қуантарлық кәсіпорындар мен мекемелер де болды.
Заңға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус пен қоңырау белгісі сәйкесінше орнатылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау, оларға жәрдем қолын созу – баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпай, игі іске жауапкершілікпен қарайық деп айтқымыз келеді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане