Аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын табыстады

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_36_36-2020_5.JPGБіз ел басына күн туғанда асарлатып, жылу жинап, қайырымдылықтан шет қалмаған халықпыз.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын ұйымдастырып, жамағат пен демеушілер көмегімен өкпе аппараты сатып алынған болатын. Аудандық «Әйет» мешіті имамы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын табыс етті.


Сонымен қатар, Республика бойынша бір сәтте барлық өңірде жалғасқан акция көзі тірісінде өмірін ізгі істерге арнаған Бибі-Жамал Аблазимованың рухына бағышталды.
«Анамыз шын мәнінде жақсылыққа жаны құмар жан еді. Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетті. Ел бойынша бес жаңа мешіттің тұрғызылуына ықпал етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып жүрген Құран жарысы, Мәуліт кештеріне қаржылай қолдау көрсетіп келді. Бүгінгі қайырымдылық акциясы жақсы адамның артында қалған аманаты десек те болады»,- дейді «Әйет» мешіті имамы Аязбек Нұраханов. Сонымен қатар, жақында өткен «Мектепке жол» акицясы бойынша көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажетті құралдары берілді.
Ауданымызда 20 отбасыға Бибі-Жамал Аблазимованың рухына бағышталып азық-түлік таратылды. Өмірінің жарты ғұмырын қайырымдылыққа арнаған Бибі-Жамал апамыздың ізін жалғастыру жастарымызға үлгі болса дейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане