«Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_37_37-2020_6.JPGМемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады.


Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Тілдер күні қарсаңында 10-шы қыркүйек күні аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Халықтар достығы» сайысы өткен болатын. Аталмыш сайысқа аудандық мекемелердің қызметкерлері қатысып, өз бақтарын сынады. Бірі білгір, бірі ойшыл болса, енді бірі кез-келген тапсырманың шешімін таба біліуімен, ұшқырлығымен көзге түсті.
Сайыс басында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Светлана Темірқанқызы Құлжанова қатысушыларға сәттілік тілей келе, біздің тілге деген құрметіміздің жоғары болу керек екені туралы айта кетті:
«Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған , әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».
Сайыс түрлі ақын жазушылардың өмірілеріне шолу жасап, қызықты әрі логикалық сұрақтармен жалғасты. Әрине, сайыс болғандықтан көзге түскен қатысушылар да кем болмады. Десе де, сайыстың мақсаты тілімізді құрметтеп, әрі қарай оны көркейту болатын. Сол себепті сайыстың қортындысы бойынша барлық қатысушыларды бөліп жармай, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане