- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 29.10.2020 06:42
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 8058
Аудан әкімдігінің шағын мәжіліс залында ауданымыздың 4 анасын «Күміс алқамен» марапаттау салтанаты өтті.
Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов қабылдап, Президентіміздің Жарлығына сәйкес аналарға «Күміс алқа» табыстады.
- Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, - деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.
Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары. ҚР Президентінің Жарлығымен 6 бала туып, тәрбиелеп өсіріп отырған көпбалалы аналар-Айнұр Батырханова, Екатерина Смотрова, Әсемгүл Түйтебаева, Гүлім Боранбаева «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Қазіргі таңда әрбірі 6 баладан тәрбиелеп отырған батыр аналарымыз, ұрпақтарының еліміздің өркендеп, өсуіне өз септіктерін тигізеді деген үмітте. Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтты. Новоильин ауылында тұратын батыр ана Әсемгүл Түйтебаева:
– Бүгін осында отырған әрбір ана үшін маңызды күн. Осы сәтті пайдалана отырып көп балалы аналарға қолдау-көмек көрсетіп келе жатқан мемлекетімізге мың алғыс айтқым келеді. Сіздердің арқаларыңызда салиқалы ұрпақ өсіріп отырған жайымыз бар. Кез-келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Олар Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен талмай еңбек етіп, ел ертеңінің еңселі болуына үлес қосады деп сенемін. Отанымызға тыныштық, елімізге бірлік пен береке тілеймін!,-деп алғысын білдірді.
Отбасының ұйытқысы болып, еліміздегі бала санының өсуіне үлес қосып жүрген батыр аналарымыз жас отбасыларға үлгі болып, олардың жолын бергей!