«Бейімбет Майлин оқулары» өз мәресіне жетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_51_51-2020_1.jpg21-ші желтоқсан аудандық деңгейде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Бейімбет Майлин оқулары өтті.


Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушылары арасында Бейімбет Майлин шығармаларын насихаттау мақсатында тілдерді оқыту орталығы және білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Бейімбет Майлин оқуларының» байқауы өткізілді. Байқауға аудан, ауыл мектептерінен барлығы 18 оқушы қатысқан сайыста, екі кезең бойынша мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Атап айтатын болсақ, жүлделі 1-ші орынды Новоильин орта мектебінің оқушысы Әдемі Сейтқали, Б.Майлин мектебінің оқушысы Мадина Досмухамбетова,№1Тобыл орта мектебінің оқушысы Снежана Забурнягина қанжығаларына байлады.
Аталмыш сайыс 2 кезеңнен өтті. Бірі «Таныстыру» болса, екінші кезең «Сөз құдіреті» кезеңі, олар жатқа Би ағаның прозалық шығармаларынан үзінді оқуы тиіс еді. Қазылар алқасы шешім шығару барысында көркем мәтінді оқу шеберлігі және таңдау талғамы, сахналық образ және сол образды жеткізе білуі талаптарын басшылыққа ала отырып, әр номинацияда үш жүлделік орынды анықтады.
Есімдері аталған жеңімпаздар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, қалған қатысушыларға сертификат табысталды. Сонымен қатар, жүлдегерлерді дайындаған педагогтар Алғыс хаттармен марапатталады.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане