Аппараттық кеңес өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_6_6-2021_4.jpg10 ақпан күні аудан әкімдігінің үлкен залында онлайн режимінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен,аудан мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларымен аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ішкі бақылау қызметінің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері, 2021 жылдың қаңтар айында Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округтері, кент, село әкімдері өткізген есеп беру кездесулері туралы ақпарат, 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық, сонымен қатар, ауылдық округ әкімдіктерінің жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру сұрақтары талқыланды.
19-28 қаңтар аралығында бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің қатысуымен 36 есеп беру кездесуі өткізілді. Жалпы тұрғындарды алаңдатқан сұрақтар барлық кездесулерде өз шешімін тапты деп айтуға болады. Ауылдық округ тұрғындарын автомобиль жолдарын күтіп ұстау, елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру, жарықтандыру, газдандыру және сумен жабдықтау, қаңғыбас иттерді аулау, экологиялық мәселелер және т.б. мәселелер толғандыратыны туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Александра Балан атап өтті.
Басты талқыланған сұрақтардың бірі 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық болды. Аудандық ТЖ бөлімі басшысының м.а. Дмитрий Жданов өз баяндамасында біршама мәселелерді атап көрсетті. Олар, өнімділігі жоғары су айдау жабдығы мен техниканың (мотопомпалар, сорғы станциялары) санын ұлғайту жөніндегі мәселені қарау талап етіледі, сондай-ақ инертті материал мен қаптардың жеткіліксіз мөлшері айтылды. Сонымен қатар, аудан көшесінің әлі шешімі табылмаған мәселесі аталып өтті. Нақтырақ тоқталсақ, 2017 жылы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылының «40 лет Победы» көшесінің оңтүстік-батыс жағымен айналма канал (траншея) құрылысы жүргізілген болатын, алайда бұл (канал) траншея жұмыс істемейтін болып шыққан, 2019 жылғы су тасқыны кезеңі көрсеткендей және 2020 жылы егістіктен еріген су «40 лет Победы» көшесі арқылы өтеді, ал, егістіктен еріген судың үлкен көлемі түскен жағдайда бірнеше үйді су басуына әкелуі мүмкін. Шешімін табылмаған мәселенің шикі тұстары бойынша аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов ауыл округі әкімі мен аудандық ТЖ бөлімі басшысына нақты тапсырмалар берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане