Алғыс айту күніндегі дөңгелек үстел

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_9_9-2021_5.jpg1 наурыз күні аудандық Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі қабырғасында Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздігіміздің барлық жетістіктері қоғамымыздың бірлігінің арқасында мүмкін болды. Бұл-Қазақстанның баға жетпес қазынасы»- деп айтқан болатын. Аталмыш іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова, сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова және де қадірлі қонақтар болды. Сондай-ақ, іс-шарада әрбір ұлттың өкілдері болды.
Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз, тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады,- деді өз сөзінді Жанна Калимова.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, - дейді Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің өкілі Айман Зыбалева.
Іс-шара соңы, қонақтардың бір-бірлеріне жылы тілектерімен аяқталды.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане