«Абай оқулары» өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_16_16-2021_3.JPG15- сәуір күні С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық «Абай оқулары» өтті.


Байқаудың негізгі мақсаты - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас–ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру. Негізгі міндеттері қазақ тілінің көркемдігін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау. Абай шығармалары негізінде қоғамдық ынтымақтастықты, көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шындау және тіл үйренудің тиімді әдістемесі ретінде таныту.
Байқауда көркем оқу шеберлігін айқындау, сонымен қатар Абай шығармаларынан білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасынан және қара сөзін жатқа мәнерлеп, қазақ тілінде оқуына назар аударылды.
Байқауда сынасқан қатысушылар бәрі де сақадай сай келіп, қазақша Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін мүдірмей оқып, әділ-қазы алқаларына, қатысушыларға жеткізе білді. Бастарына сәукеле, үстеріне қазақша көйлек пен қамзол киіп шыққан өзге ұлт қыздары мен басына бөрік, шапан киген жігіттер сымбаттарымен көздің жауын алып тұрды.
Аталмыш байқау бойынша 5 оқушы облыстық деңгейге өтті. Ал, жетістікке жеткен оқушылардың мұғалімдеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, «Махамбет» оқулары бойынша да балалар өз бақтарын сынады. Берілген ережеге сай қатысушылар Махамбет батырға арнап жазған өз өлең жолдарын оқып берді. Бұл байқауда 2 жүлдегер анықталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане