Жатақханаға мониторингтік жұмыс жүргізілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_7.JPGЕлбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, партия жатақханалар мен студенттік үйлердің тұру жағдайларына, орындарды бөлу рәсімінің ашықтығына мониторинг бойынша жұмыс жалғасуда.


Аталмыш мониторинг тобында аудандық "Nur Otan" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова, аудандық мәслихаттың депутаты, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бөлімінің мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі басшы мен Тобыл кенті әкімі болды. "Nur Otan" партиясының Бейімбет Майлин аудандық филиалы мониторингтік жұмыс тобы құрамымен Тобыл кәсіптік - техникалық колледжінің студенттік жатақханасына орналастыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, жатақханада бөгде адамдардың тұруына жол бермеу шараларын, сондай-ақ жағдайларды анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді.
«Тобыл кәсіптік - техникалық колледжі» КМҚК студенттік жатақханасына жүргізілген мониторингтік рейд барысында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Тобыл кәсіптік - техникалық колледжі" КМҚК-да студенттер жатақханасының жұмысында қандай да бір проблемалық мәселелер мен тікелей бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта колледж Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының теңгеріміне, ал жатақхана Бейімбет Майлин ауданының ТКШ теңгеріміне берілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане