Аудандық партияның ХХХI конференциясы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_18_18-2021_5.jpg29 сәуір күні аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының есеп беру сайлауының ХХХI конференциясы Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйінде оффлайн режимінде өтті.


«Nur Otan» Партиясы Бейімбет Майлин аудандық филиалының есеп беру сайлауы XХХI конференциясына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Мыржақыпов төрағалық етті. Сонымен қатар конференцияға, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық маслихат хатшысы, маслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мекеме басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының есеп беру сайлау XХХI конференциясына бастауыш партия ұйымдарынан 60 делегат сайланды.
Партияның аудандық филиалының саяси кеңесінің жұмысы туралы төрағаның бірінші орынбасары Ж.Ж. Калимова есеп берді.Өз баяндамасында филиал жұмысының негізгі бағыттары мен партиялық жобаларды жүзеге асыру, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл, қайырымдылық және әлеуметтік жұмыс туралы атап өтті. Экономиканы, өмір қауіпсіздігін, барлығы үшін қолжетімді ортаны қозғайтын 7 бағыт бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы В.П. Ересько баяндады.
Аумақтық филиалдың есеп беру-сайлау конференциясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: партияның аумақтық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер және Бейімбет Майлин ауданың 1 тоқсан бойынша Жол картасының орындалу барысы. Партия аумақтық филиалының Саяси кеңесін сайлау, сондай-ақ, партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау қаралды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане