«Ер - елінің қорғаны»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_19_19-2021_3.JPG1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.


Отан қорғаушылар күнін ауданымызда мерекелік концертпен атап өтті. Салтанатты шара Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде бастау алды.
Әскери киім киген адамдар әрқашан ар-намыстың, ерліктің, батылдықтың, патриотизмнің және өз халқына шексіз қызмет етудің көрінісі болып табылады. Ауданымыздың қорғаушыларына, ер азаматтарға және барлық қатысушыларға аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов құттықтау сөз сөйледі.
Жақсы дәстүр бойынша мерекелік бағдарлама жемісті еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін өз ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан адамдарды құрметтеу және марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Облыс әкімінің грамоталары қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жинақтау тобының бастығы Жәнібек Сүлеймановқа және "Тобыл" МКК директоры Таңсықпай Садықовқа тапсырылды. Сондай-ақ, мереке қарсаңында адал еңбегі үшін аудан әкімінің грамоталары мен Алғыс хаттарын Алтай Кинжин, Валерий Головченко, Есенбай Нұрманов және Владимир Гурға табыс етті. Сол күні сахнада әскери қызметке шақырылушыларға салтанатты құрмет көрсетілді. Интернационалист жауынгер Есен Бимурзин болашақ сарбаздарға сөз сөйлеп, қызметке кетушілерге естелік сыйлықтар табыстады. Мерекелік іс-шара аудандық өнерпаздардың мерекелік бағдарламаларымен жалғасты.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал, Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане