«Президентімізбен кездесу мен үшін үлкен құрмет»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_20_20-2021_5.JPG«Мен үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесу үлкен құрмет және мәртебе» деп бастады сөзін біздің кейіпкеріміз.
Еркен Назаров- бәрімізге таныс есім. Ауданымыздағы жастар орталығының басшысы, әрі аудан мәслихатының депутаты-Еркін өзінің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескендегі әсерімен бөлісті.
- Бұл мен үшін тарихи сәт десем де болады. 2019 жылы бәрімізге белгілі, Ресей мен Қазақстанның волонтер жаста­ры мен қоғамдық ұйымдар өкіл­дерінің қатысуымен «Во­лон­терлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастар форумы өтті. Сол форумға еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта қатысқан еді. Өзінің жылы лебізін білдірген сәтте, барлығымыздың қанатымыз қатайып, әрі қарай талай шыңдарды бағындыруға күш алдық десек болады. Айтылған әрбір сөзі біз үшін мотивация болды. Фо­румда волонтер жастар Қазақстан Пре­зи­денті алдында өздерінің үздік жобаларының тұсаукесерін жасады және ұсы­ныс­тарын айтты. Олардың әр­қайсысынан игілік пен ізгі­лік­тің, қайырымдылық пен мейі­рімділіктің шапағаты нұр шашып тұрғандай. Мен достық салтанат құр­ған осы залда жарқын көңілді, өзара түсініскен, игі мақсат­тар жолында бірге болуды қала­ған жастарды көргеніме қуаныш­ты­мын!,- дейді Еркен Назаров.
Сонымен қатар, 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп белгіленген еді. Сол маңызды сәтте де Еркен Президентімізбен кездесіп, өзін тағы бір шыңды бағындырғандай әсерде жүргенін айтты.
- 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылған еді. Осы іс-шарада біз өзімізге керекті дүниені, әсерлі жолдауды Президентімізден естідік. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені баршамызға мәлім. Сол себепті, Отан алдында аянбай еңбек етуімізді айтқан Президентіміздің бұл сөздері сол залда отырған әрбір жанның жанына жылы болып тигені анық деп айта аламын. Мен, ауданымыздың жастарының әрі қарай қарқынды жетістерге жетуіне, Отан алдындағы міндеттерін атқаруға көмектесуге бар күг-жігерімді саламын. Себебі, Отан бәрімізге-ортақ.Ал, мен бірінші кезекте елімнің Еріктісімін, белсенді азаматымын,- деп, аяқтады өз сөзін.
Ерікті болудың ерлікпен тең екенін жадымызда сақтайық. Олардың ерең еңбегі ақталып, азаматтық қоғамның дамуында әрбір жеке тұлғаның құндылығын арттырып, игі іс жасауға талпындырады деп сенейік. Ал, жастарымызды өз қанатына алған Еркен Назаровқа алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане