- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 03.06.2021 06:13
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 10971
«Ауыл- ел бесігі» және басқада мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылымыздың сәні кіріп келе жатырғаны рас.
Бәрімізге белгілі, биылғы жылы біршама көшелермен жаяужүргіншілер жолы жөнделініп жатыр. Мамыр айында бастау алған Тәуелсіздік көшесіндегі жаяужүргіншілер жолына 9 млн 687 мың теңге бөлінген. Көшенің ұзындығы 1287 метрді құрайды. Ауданымызда асфальт тегістеліп, көшелеріміз көркеюде. Әйет ауылдық округінің мамандарының айтуынша, аталмыш жөндеу жұмыстары қыркүйектің 1-не дейін орындалып, жаңа кейіпке енген көшелер пайдалануға берілетін болады.
- Мамыр айының басында «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында жаяужүргіншілер жолына жөндеу жұмыстары басталған болатын. Аталмыш жөндеулерге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігерлер анықталды. Сонымен қатар, Е.Омаров, Совхозная, Набережная көшелерінде жөндеу жұмыстары басталады. Аталған көшелердің жөндеу жұмыстарына 77 млн 607 мың теңге бөлінді,- дейді Әйет ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Альмира Шин. Алдағы уақытта мемлекеттік жобалар іске асырылатын болады. Ал, ауылымызды тазарту әрқайсысымыздың міндетіміз.