Көк туымыз желбірей берсін!

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_23_21-2021_6.jpgМемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.


Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Мемлекеттік рәміздер күні барша қазақстандықтардың елге деген мақтанышын оятатын мерекеге айналған. Айтулы шара жылдағыдай еліміздің әр өңірінде кең көлемде тойланды. Тобыл жастары да ұлттық рухты көтеретін акцияға қатысып, мерекелік көңіл-күймен автошеруге шығып, Тобыл кентінің көшелерімен жүріп өтті.
Егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіз елдің нышаны осы. Рәміздерге құрмет көрсету, өзіңнің елдігіңді бағалау, тәуелсіздігіңді ұлықтау. Ұлттық құндылығын қадірлей білген Тобыл жастары көк байрақты қолға алып орталық алаңда Тобыл әкімі Аманжол Бауыржанұлының құттықтау сөзінен кейін, «Менің туым» акциямен Әйет ауылына жол тартып, мерекелік автошеруді жалғастырды.
Еліміздің айбыны мен ажарын, бүкіл болмысын ашатын туымыз, елтаңба мен әнұранымыз бар. Шараның мақсаты - өскелең ұрпақ бойындағы мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, патриоттық сезімді ояту. Шара соңында еріктілер өз әсерімен бөлісті.
Халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін рәміздер қазақ жұрты үшін қастерлі, қадірлі. Мәңгілік елдің аспанында көк туымыз желбірей берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане