«Қайырымды істер марафоны» қарқын алуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_24.06_6.jpg

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы қарқынын үдете бастады.
Аудан өміріне белсенді атсалысатын, сонымен қатар аудан жастарына мүлтіксіз көмек көрсетіп жүретін Владимир Иванович Кравчук қандай да болсын марапатқа ие. Жақында аудан жастар облысымыздың қаситетті жерлеріне сапар шегуіне өз көмегін тигізді. Бұл дегеніміз – әрқанашанда жастардың қолдаушысы бар деген сөз.
- «Жақсылық жұқпалы дейді емес пе», мен барлық өзімнің әріпстестерімді, тіпті барлық таныстарым,туғандарымды әрқашан жақсылық жасауға шақырамын. Бұл біздің ауданымызға тигізген бірден бір септігіміз болып қалмақ. Менің ойымша, өзгеге көмек қолын созған әр адам автоматты түрде еріктіге айналады. Әрине, мен өз іс-әрекетімді жарнамалағым келмейді. Бірақ бұл басқалардың бізге қосылуы үшін қажет. Әлемде жақсы адамдар бар деген үміттің үзілмеуі үшін басқаларға бақыт сыйлауымыз керек. Мүмкін біздің бүгінгі қолдауымыз болашақта өзгелердің де мұқтаж адамдарға көмектесуіне түрткі болатын шығар. Ал,жастар-біздің болашағымыз. Дамып өркендеулері үшін, бізде өз тарапымыздан атсалысуымыз керек деп есептеймін,- дейді Владимир Иванович.
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Иванович Кравчук 2019 жылдың «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанған болатын. Жақсылық жасаудан жалықпайтын жанның еңбегі әрқашанда бағаланатыны анық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане