Депутаттық фракция отырысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_28_28-2021_11.JPG12-ші шілде күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті.
Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция басшысы Наталья Руднева Бейімбет Майлин ауданының 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы баяндады, сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, партияның аумақтық филиалдарының депутаттарына "Nur Otan"партиясынан депутаттар рейтингін қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді.


Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме-ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда. Жиынды қорытындылаған фракция басшысы осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек деді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане