Мереке қарсаңында құрбандық шалынды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_29_29-2021_5.jpgҚұрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Ал, шариғаттағы терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге келеді.


Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Биылғы жылы ауылымыздың жамағаты да тасада қалмады. Атқарушы билік өкілдірінен 2 адам, «МЕЧТА-98» ЖШС және «Qyran qys» ЖШС басшылары 3 ірі қара мал құрбандыққа шалды. Және аудан тұрғындары, жамағат тарапынанда біршама бас қой шалынды.
- Пандемияға байланысты, елімізде биыл да құрбандық шалу рәсімі қашықтықтан ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Құрбандық еттері сол жерден бірден бөлшектеліп, арнайы дорбаға салынып, еріктілер арқылы мұқтаж жандардың мекенжайына жіберілді. Сондай-ақ Алланың разылығы үшін құрбан шалып, оның етінен тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Мүмкіндігінше садақа берілді. Биыл ауданымызда Құрбан айт мейрамында 80 отбасыға ет таратылды,- дейді, «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин.
Еске сала кетелік, 20 шілдеде басталған Құрбан айт 22 шілдеге дейін жалғасады. Құрбан малының етін мұқтаж отбасыларға еріктілер жеткізіп беруде (фотода).


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане