Теміржолшылар әулеті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_30_30-2021_7.jpgАудандағы үлгілі отбасылардың бірі – Азацкий әулеті. Бұл отбасыны теміржолшылар әулеті деп айтуға әбден негіз бар. Себебі, бұл отбасының теміржол саласында қызмет етіп жүрген әулетіне 206 жыл толып отыр.


Теміржол саласына еңбегі сіңген Азацкий әулетімен әңгімелесудің сәті де түскен еді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал әсте еңбекке жең түріп кірісетін осындай жандар жайында айтылған болу керек. Үйдің отағасы Владислав Азацкий Тобыл жол дистанциясында № 34 жол монтері болып жұмыс істейді. Екатерина Азацкая теміржол вокзалында анықтамалар беру бойынша кезекші, 4 – разрядты диктор, багаж, билет кассирі, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ Қостанай бөлімшесі станциясында 7-разрядты тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор болып жұмыс істеген.
- Біздің отбасымыздың теміржолшыларының әулеті үшінші буыннан, яғни бүкіл еңбек өмірін темір жолға арнаған, сондай-ақ темір жолдың қалыптасуына, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс пен соғыстан кейінгі жылдары қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан үлкен әжелер мен аталардан басталды. КСРО-ның барлық бағыттары мен басқа да бағыттарға тың игеру және Тың темір жолын салу жұмыстарына белсенді қатысты. Теміржолшылар әулеті дегенді мақтан етемін. Балаларымызға үнемі үлкенді құрметте, кішіге қамқор, еңбекте адал бол деп үйретуден жалыққан емеспіз. Сонда ғана отбасыңда береке, бірлік болады деп келеміз,- дейді Екатерина Азацкая.
Ерлі-зайыптылар Владислав пен Екатерина 28 жыл некеде. Ерлі-зайыптылардың 2 баласы және 1 немересі бар. Ұлы Андрей Владиславович Азацкий, Екатеринбург қаласында тұрады, өндірістік-техникалық бөлімнің (қозғалыс қауіпсіздігі бойынша) 1 санатты инженері лауазымында жұмыс істейді. Первоуральск қаласының "Росинка" отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік автономды мекемесі әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталған. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалардың тілектерін жүзеге асыруда көрсетілген қайырымдылық көмек үшін, "Теміржол көлігіндегі адал еңбегі, 2019 жылғы кезеңдегі лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және кәсібилігі» үшін грамотамен марапатталған. Қызы Анастасия Владиславовна Азацкая Екатеринбург қаласында теміржол көлігі кәсіпорындарының бригадирі болып жұмыс істейді.
Азацкий отбасының өте жақсы дәстүрі- бұл әкелер мен аталардың суреттері бар отбасылық альбомды сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа беру. Жеңіс күні басты мерекелерінің бірі, назардан тыс қалмайды. Бұл күні отбасы ортасында бүкіл еңбек өмірін темір жолға арнаған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары жұмыс істей отырып, темір жолдың қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан аталары мен әжелері еске алынады.
Тірлігі теміржолмен біте қайнасып келе жатқан өнегелі отбасы, теміржол саласында қызмет ететіндерін мақтан етеді. Отбасының ұйымшыл екендігін айтпасқа болмас. Әулеттің үлкенін күткен кішілерінен отбасында өзара сыйластықтарын да аңғаруға болады.
– Жастайымыздан жұмысқа ерекше жігермен араласып, шілденің аптап ыстығында да, қыстың сақылдаған сары аязды күндерінде де болат жолдың бойында жауапкершілікпен тынбай еңбек еттік. Қазіргі теміржол саласы заман ағымына қарай жаңаша дамып келеді, тепловоздар ауысып, жұмысшылардың жұмысы аз да болса жеңілдеді. Алайда, қай кәсіптің де жеңілі жоқ. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкелеріміздің, аталарымыздың кәсібін жалғастырып, балаларым ізімнен еріп келеді,– дейді Владислав Азацкий.
Азацкий әулетінің әр мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп отырған жандар. «Әкеден бала туса игі, әке жолын қуса игі» демекші, осы әулеттен өрбіген ұрпақтар ата жолын қуатын азамат болып өссін демекпіз. (Сурет отбасылық архивтен)


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане